8 Янв

Автор:  Маматирзаева Мерибан.
III — денгей  бастауыш   сынып  мұғалімі
КЕНТАУ ҚАЛАСЫ, « МАХМУД ҚАШҒАРИ » АТЫНДАҒЫ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ МЕКТЕП –ЛИЦЕЙ.

ЖАҢАШЫЛ  БОЛУ – МАҚСАТЫМ

Мектептің тірегі  де, жүрегіде, білімнің тұтқасы да – мұғалім.Бала тағдыры қолына  сеніп  тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені баршаға белгілі.Қазыр Елбасы  Н.Назарбаевтың тапсырмасын әр сабаытың мазмұнына сай пайдаланып, оқушыларды білікті де білімді етіп маналы да тәрбиелі азамат етіп тәрбиелеу керек.Тәуелсіз елдің тірегі- білімді ұрпақ,өркениет біткеннің өзегі-білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш  мектеп.Ал бастауыш буынның негізгі міндеті  баланың  жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие беруге бүкілхалықтың дәрежеде  мән беру қазіргі таңдағы үлкен мәселе.Мұның қозғаушы  күш-білім десек, білімнің негізі мектеп қабырғасынан басталатыны айдан анық.Қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен; «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде  сақтаймын, өзіме  жасатсаң  үйренемін»! Шын мәнінде қазіргі  кезде  интербелсенді әдістемені  оқу процесінде  қолдану  мәселелері қарастырылып  жатыр.Білімде өзгеріс жасау  үшін мұғалімдердің  ойын өзгерту  керек. Мұнда  мұғалім  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде қабылдап, ой еркіндігімен  санасу, пікірін  тыңдауды  үйрену  керек.В.В.давыдов;  «Бастауыш  мектепте  шығармашылық  қабілеттіліктерді  оқу  әрекетінде  көрінеді, даму  өнімі – оқуға  кұштарлық, ынталылық»  дейді. Ал шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.Біздің  міндетіміз  оқушыға  оның  бойында  көрінбей  тұрған  мүмкіншіліктерін  ашып  көрсету.

Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден –бір керегі – дұрыс тиімді әдіс- тәсілдерді  таңдап  пайдалану.Мен өз тәжірибиемде жаңа  технологияларды қолдану арқылы  біраз  нәтижеге жеттім.Корсетілген  әдіс-тәсілдер  бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне  көзім  жетті. Осыларды  пайдалану  арқылы

 Оқушының  білімге  деген қызығушылығын  оятып, терең  ойлау  қабілетін,белсенділігін қалыптастыруға  болады.Бұған  дейін  оқушы  мұғалім  мен оқулыққа  ғана  бағынатын  болса, енді  ол  сыни тұрғыдан  ойланып, өз  ойын  дәләлдей  алатын  тұлғаға айналды.Оқушылардың  тілін, ойын,еркін  сөйлеуін  дамытып, топпен  жұмыс  істеу  кезінде  бір-бірін  тыңдай  білуге үйретеді.

Болашақта  өркенниетті  елдердің  жоғарғы  технологиясын  меңгеру, дүниежүзілік білім  кеңестігіне  шығу- бүгінгі  күннің  мақсаты – деп  білемін.

Оставить комментарий: